02 Қар 2023
Страницы KZ "Айгөлек"ББ

Консультациялық пункт

Консультациялық пункт (КП) ата-аналарға бала тәрбиесіндегі қиындықтарды шешуге көмектесу, мектепке дейінгі жастағы балалардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейді, яғни ата-аналарға әдістемелік, диагностикалық көмек көрсету, бала дамуындағы ауытқулардың алдын алу, отбасымен тығыз ынтымақтастық орнату арқылы білім беру саясатының қағидаттарын жүзеге асырады.
Консультациялық пункт жұмысының негізгі бағыттары
Мақсаты мен міндеттері:
Үйде тәрбиеленетін мектеп жасына дейінгі балаларға көмек көрсету.
Баланың жан-жақты дамуы бойынша ата-аналарға әдістемелік көмек беру.
Мектепке дейінгі балаларды әлеуметтендіруге ықпал ету.
Бала тәрбиесі мен оқыту мәселелері бойынша консультация беру.
Көрсетілетін қызметтер:
Психологиялық-педагогикалық: Педагог-психолог баланы диагностикалау, дамудағы ауытқуларды анықтау, олардың алдын алу шараларын ұсынады.
Логопедиялық: Бала тілінің дамуындағы кемшіліктерді түзету бойынша жұмыс жүргізеді.
Әдістемелік: Ата-аналарға балалармен қалай тиімді жұмыс істеу керектігі туралы әдістемелік нұсқаулар береді.
Ақпараттық қолдау: Бала тәрбиесіне қатысты барлық сұрақтар бойынша ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Жұмыстың мазмұны:
Консультациялар: Ата-аналарға арналған жеке консультациялар мен семинарлар.
Диагностика: Баланың даму деңгейін бағалау.
Іс-шаралар: Балалар мен ата-аналардың бірлескен іс-шаралары, мысалы, магнит қасиеттерін зерттеу сияқты қызықты тәжірибелер.
Ынтымақтастық:
Отбасымен тығыз байланыс орнатып, толыққанды дамуды қамтамасыз ету.

Консультациялық пункт жұмысының мақсаты:

Отбасылық және қоғамдық тәрбие бірлігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету ата-аналарға баламен психологиялық педагогикалық қарым қатынас жасаудың құралдарын және тәсілдерін тиімді іріктеуді қамтамасыз етуге көмек көрсету.

Атауы Жүктеу
1  КПР 2026ж pdf

 

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік дамуын қолдауда консультациялық пункттің рөлі:

Мақсаты:

Ата - аналарға баланың сөйлеу тілін дамыту жолдарын түсіндіру, үй жағдайында қолдануға болатын әдіс-тәсілдермен таныстыру.

- Баланың сөйлеу тіліндегі ерекшеліктерді анықтау

- Тіл кемшілігінің алдын алу

- Ата - аналарға логопедиялық кеңес беру

- Үй жағдайында тіл дамытуға арналған ойындар мен жаттығулары

1. Бақылау және диагностика:

- Баланың сөйлеу, дыбыстау, сөздік қоры, байланыстырып сөйлеу деңгейін анықтау

2. Жеке кеңестер:

- Тілінің дамуында кешеуілдеу бар балалардың ата - аналарымен жұмыс

3. Ата - аналарға әдістемелік көмек:

- «Сөйлеуді дамытатын 5 минуттық ойындар» жинағы

- Дыбыстарды дұрыс айтуға арналған жаттығулар

5. Кітапша, парақша тарату:

- Дұрыс сөйлеуге баулитын кеңестер

- Жас ерекшеліктеріне сай жаттығулар


2025 жылғы 10 қыркүйекте Мектепке дейінгі біліммен қамтылмаған балалардың ата - аналарына арналған консультациялық кеңестің отырысы өтті. Ата - аналар медбике Қуанышева Гүлзаттың кеңесін тыңдады.."Отбасында ұтымды тамақтануды ұйымдастыру кеңесі". Медбике ата - аналар балалардың психикалық және физикалық дамуы үшін қолайлы жағдай жасауға міндетті екенін атап өтті. Медбике салауатты өмір салты, ерте және кіші жастағы балалардың тамақтануы бойынша ұсыныстар берді. Ол ата - аналарға балаларына көбірек көңіл бөлуге, жан - жақты дамуға, қиындықтарды жеңуге көмектесуге кеңес берді.


Атауы Жүктеу
1 Бұйрық PDF
2 Консультациялық пункт жұмысының жоспары PDF
3 Консультациялық пункт жұмысы туралы мәлімет PDF
4 2024-2025 консультациялық пункт жұмыс жоспары PDF
5 Консультациялык пункт Хабарлама PPTX
6 Айгөлек б.б Консультативтік пунк ақпарат DOCX
7 Консультациялык пункт Хабарлама PPTX
8 кпр 2025 оқу жылы жоспар DOCX
9 Құм терапиясы DOCX
10 Бұйрық 13 PDF
11 КПР 2025 PDF

 

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар