БАЛАБАҚША ТАРИХЫ.
«Айгөлек» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Көптоғай ауылдық округі, Көптоғай ауылы, «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының ірге тасы 1980 жылы қаланып, жұмысын бастаған. Балабақшаның сол жылдардағы атауы «Шаттық» балабақшасы аталды. 1980 жылы балабақшаны Амирова Ғалия Идиятоллақызы басқарды. Тоқырау жылдарында қаржының тапшылығынан балабақша өз жұмысын тоқтатты. 2000 жылдары балабақша «Құрман» орта мектебіне беріліп қайтадан өз жұмысын бастады. Бұл жылдары балабақша «Құрман» мектеп-балабақшасы болып аталып, басқарған мектеп директорлары: Қыстаубаева Ақтоты Тұрғанбайқызы, Избасаров Әбіт Мәмбетұлы.
2007 жылы балабақша аудан әкімінің қаулысы негізінде «Құрман» мектеп-балабақшасы жанынан бөлініп «Айгөлек» балабақшасы» болып өзгертіліп, 75 балаға арналып ашылды. «Айгөлек» балабақшасының меңгерушісі болып Омарова Мейрамгул Бактыгаликызы тағайындалды.
2018 жылы «Айгөлек» балабақшасы «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны болып атауы өзгертілді.
Егемендігіміздің арқасында «Айгөлек» бөбекжай-бақшасына» қазынадан ақша бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Балаларға арналған жаңа үлгідегі жабдықтар, ойыншықтар әкелінді.
Біздің мақсатымыз: Бар білгенімізді, асыл қасиеттерімізді, періште бөбектерге арнай білсек. Олардың жүрегіне жол тауып, өзіндік дәрежеге жеткізсек. Отанды, азаматты сүюге тәрбиелесек. Нәзік жүректі, жан дүниесін сезінуге, аялауға, бағалауға үйретсек. Біздің балаларға береріміз: махаббат, сүйіспеншілік, мейірім, қамқорлық.
Қазіргі таңда 2 топ, барлығы 41 бала тәрбиеленіп жұмыс жасайды.
Балабақшада 6 педагог жұмыс жасайды. I санатты - 4 педагог, қатардағы 2 педагог қызметкерлері жұмыс жасайды. Жоғары оқу орнын бітірген 3 маман, арнаулы орта оқу орнын бітірген 3 маман және балабақшамызда 15 қызметкер жұмыс жасайды. Еңбек өтілі 10 жылдан асқан 4 педагогтарды айтар болсақ: Омарова Мейрамгул, Жәми Қымбат, Жайыкова Анаргул, Шойынова Айнур өз істерінің шебері, бала тәрбиесіне жұмыстарымен ізденпаздығымен көзге түскен мамандар.
Балабақша меңгерушісі, әдіскері, педагог – мамандар өз деңгейлерінде қазіргі заман талабына сай жаңашыл бағытта ақпараттық технологияларды жас ұрпаққа меңгерте отырып, балалардың интеллектуалдық дамуына жол ашып отырады.
2012 жылы алғаш мемлекеттік аттестаттаудан өттік. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының шешімі бойынша жоғары дәрежеде аттестатталдық.
2017 жылы облыстық білім департаментінен мемлекеттік аттестаттаудан өттік. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының шешімі бойынша жоғары дәрежеде аттестатталдық.
Балабақша «Жасыл ел» бағдарламасын басшылыққа алып, айнала ауласын түрлі гүлге толтырып тастады.
2010 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 19 жылдығына орай жақсы жетістіктерге жеткені үшін «Үлгілі мекеме» атағына ие болды.
2011 жылы ауданда білім жүйесінің дамуындағы жоғары жетістіктері және саналы тәрбие берудегі табыстары үшін «Үздік балабақша - 2011» болып жарияланды.
2014 жылы Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырған сайыста «Мектепке дейінгі ұйымның ең үздік үлескесі», III дәрежелі диплом.
2014 жылы республикалық білім беру жүйесі бойынша «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы «Білім көшбасшысы – 2014» атағымен марапатталды.
2015 жылы аудандық аймақты абаттандыру бойынша «Үздік мектепке дейінгі ұйым ауласы» аудан әкімінің 200 000(екі жүз мың) теңге грантын иеленді.
2015 жылы «Ойыл аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Қазақстан – достық пен бірлік түғыры» атты мәдени шараға белсене қатысқаны үшін Бала-бақша ұжымына алғыс білдіреді.
2016 жылы аудандық балабақшалар арасында өткен сайыста білім саласындағы жетістіктері үшін «Үздік балабақша ауласы» деп танылып, аудан әкімінің 200 000(екі жүз мың) теңге грантын иеленді.
2014 жылы «Мектеп жасына дейінгі баланың құзыреттілігін қалыптастырудың тиімді әдістері» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинар жоғары дәрежеде өтілді. Семинарда ашық оқу іс-әрекетін өткізген тәрбиешілер, балабақша меңгерушісі, әдіскері облыстық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.
2019 жылы «Шебер педагог - заман талабы» мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған аудандық семинар өткізілді. Педагогтар аудандық білім бөлімінен алғыс хатпен марапатталды.
Өз ісін, өз кәсібін жетік білетін балабақшаның ұйымшыл тәрбиешілер ұжымын алдыңғы қатарлы жанашыл педагогтар құрайды:
Ғалымова Райса Назарқызы
- 2015 жылы білім саласындағы жетістіктері үшін «Үздік тәрбиеші – 2015» номинациясы бойынша облыс әкімінің 50 000(елу мың) теңге грантымен марапатталды.
Омарова Мейрамгул Бактыгаликызы
- 2010 жылы Қазақстан Республикасы Білім ғылым министрлігі, «Алғыс хат»
- 2018 жылы республикалық «Асыл ұстаз» төсбелгісімен марапатталды.
- 2020 жылы Халықаралық Qazsaq Media Group орталығының «Шебер педагог» төсбелгісі берілді.
- 2020 жылы «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық фиалиалы О.Оразалиннен Алғыс хат.
- 2021 жылы «Nur Otan» партиясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
Жәми Қымбат Бақтығалиқызы
- 2014 жылы республикалық педагогикалық шеберлігі мен жетістігі үшін «За зауслиги и достижения» төсбелгісімен марапатталды.
- 2018 жылы республикалық «Асыл ұстаз» төсбелгісімен марапатталды.
- 2018 жылы білім саласындағы жетістіктері үшін «Үздік мұғалім – 2018» номинациясы бойынша аудан әкімінің 30 000(отыз мың) теңге грантымен марапатталды.
- 2019 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Алғыс хатымен марапатталды.
Жайыкова Анаргул Асылбековна
- 2015 жылы аудандық «Үздік тәрбиеші» байқауында II дәрежелі дипломмен марапатталды.
- 2018 жылы республикалық «Асыл ұстаз» төсбелгісімен марапатталды.
- 2021 жылы Ақтөбе облысы білім басқармасы, «Құрмет грамотасы»
Шойынова Айнур Смагуловна
- 2018 жылы республикалық «Асыл ұстаз» төсбелгісімен марапатталды.
- 2020 жылы «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ білім саласындағы педагогикалық шеберлігі үшін 50 000(елу мың) теңге сыйақымен марапатталды.
- 2020 жылы Ақтөбе облысы білім басқармасы, «Құрмет грамотасы»
Балабақшада ата-аталармен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады. Сондықтан ата-аналарға «Ашық есік» күнін жоспарға ендіріп, және ұйымдастырылған іс-шараларға, жазғы сауықтыру жұмыстарына да қатыстырып отырамыз.
Осыншама жылдар ішінде бір шаңырақ астында неше мыңдаған балалар тәрбиеленіп, мектепке қанат қақты. Сонымен қатар балалар шығармашылықпен жұмыс жасап, аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық сайыстарда бақ сынып жоғары орындарды иеленіп келеді.
Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы іспеттес. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жастан дамытады. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз. Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қамту өзіміздің басты мақсаттарымыздың бірі екенін қуана айта аламыз.